Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы

«Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 маусымдағы №2/400 қаулысымен құрылған.
  Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталық қызметінің қағидаттары:

- кәсіпқойлық – бекітілген тәртіпке сәйкес сапалы және уақтылы қызмет көрсету, кәсіби білім берудің жоғары деңгейі;

- клиентке бағдарлану – өтініш білдірген адамдардың қажеттілігін айқын түсіну, оларға қызмет көрсетудің жоғары сапа деңгейі;

- көрсетілетін қызметтердің жан-жақтылығы – халықты жұмыспен қамту орталығында «бір байланыс» қағидатын іске асыру арқылы өтініш білдірген адамдарға қызмет көрсету;

- көрсетілетін қызметтердің кешенділігі – өтініш білдірген тұлғалардың қажеттілігін барынша қанағаттандыру мақсатында олар үшін қызметтер жиынтығын көрсету;

- бизнес-үдерістерді жеңілдету – өтініш білдірген адамдарға қызмет көрсетудің әсіресе тиімді тәсілдерін, оның ішінде жеке байланыстарды барынша азайту үшін электронды технологияларды пайдалану.

 Жұмыспен қамту орталығы келесі қызметтерді көрсетеді:

Азаматтар үшін:

- өтініш білдіргендерді жұмыс іздеушілер және жұмыссыздар ретінде тіркеуге алу;  

- лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама беру;

- кәсіптік бағдарлау жүргізу;

- әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына (уақытша жұмыс орындары) жолдама беру;

- шағын несиелеу бойынша кеңестер беру;

-жұмыс күшінің жұмылғыштығы үшін өз еркімен қоныс аударушыларға жәрдемдесу;

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Жұмыс берушілер мен инвесторлар үшін:

- қажетті қызметкерлерді таңдауда жәрдемдесу.

 Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 184 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау бойынша пилоттық жобаға енгізілді.

Халықты қабылдау тұрғылықты жеріне қарамастан, мына мекенжайдағы жаңа бизнес-офисте жүзеге асырылады: Алматы қаласы,  Назарбаев даңғылы, 50/ Жібек  жолы көшесінің қиылысы. Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін аудандық ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа әдістері енгізілген.

Өз өзіне қызмет көрсету аймағы ашылды, мұнда жұмыс іздеуші өз еркімен  enbek.kz интернет-порталы арқылы лайықты жұмыс таңдауды іске асыра алады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес кәсіптік бағдарлау бойынша кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

Жаңа электронды форматта персоналды таудау кезінде жеке байланыссыз тіркеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген. Жұмыс беруші ендігі жерде enbek.kz порталына өздігінен бос орынды жариялай алады және өзі жұмыс берушіге шығады немесе Жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті кандидаттармен сұхбаттасу өткізу үшін өз алаңын ұсынады.