Жастар тәжірибесі

1.Жастар тәжірибесі алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы белгіленген.

2.Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:

   1)жастар тәжірибесі ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

 2)жастар тәжірибесі ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды.

3.Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындарын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды. Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуге тиіс.

4.Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

5.Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар тәжірибесі ұйымдастырушы, жұмыс беруші және жастар практикасына жіберілген түлек арасында әлеуметтік келісім-шарт жасалады.

6.Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары қолданылады.