Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

 

  1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегінде және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
  2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

      1) жұмыссыздардың;

      2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

      1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

      Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.


  1. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға ниет білдірушілермен әлеуметтік келісім-шарт жасалады.
  2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
  3. Авариялар, табиғиапаттар, дүлейзiлзалаларжәнебасқа да төтеншежағдайларзардаптарынжеделжоюқажеттiлiгiнебайланыстықызметтүрлерiқоғамдықжұмыстарғажатпайды.
  4. Осы ЗаңҚазақстанРеспубликасыныңқылмыстықзаңнамасындакөзделгенқоғамдықжұмыстарғатартужөнiндегiқұқықтыққатынастардыреттемейдi.
  5. ҚоғамдықжұмыстарғақатысатынадамдарғаҚазақстанРеспубликасыныңеңбекзаңнамасықолданылады.