Қысқа мерзімді курстар

Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда, кәсіптің (мамандықтың) ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қысқартылатын жұмыскерлер болып табылады.

Аймақтық комиссия бекіткен, қатысушыларды қысқа мерзімді кәсәптік оқытудың біліктілік (мамандықтар) тізбесі:Курсы 2019