Атаулы әлеуметтік көмек

АЛАТУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

 

84 – қадам. Әлеуметтік  көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру.

 

Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында берілетін болады.

  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар;
  • Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
  • Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ) 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылар.

Жаңа насандағы АӘК (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап) отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % төмен көрсетудің бірыңғай критерийі.

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты, көмек екі түрге бөлінеді: шартты және шартсыз.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда, әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынға және (немесе) біржолғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі.

Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек – (объективті себептерге байланысты табыс табуға мүмкіншілігі болмаған азаматтар мен отбасылардың жекелеген санаттары үшін).

 

Негізгі құжаттар пакеті

Өтінішке келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 

  1. Әр отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлімет;
  3. Банк шоты туралы мәлімет;
  4. Баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі тіркеулер бойынша);
  5. Өтініш беруші мәліметтерінің бала туу туралы куәлігіндегі мәліметтермен қайшылығы болған кезде неке жасауды (некені бұзуды) тіркеу туралы куәлік (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі тіркеулер бойынша).

 

Қосалқы құжаттар пакеті

Еңбекке жарамды отбасы мүшелері үшін, қосымша тиесілі:

 

  1. Жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеуге өтініш;
  2. Еңбек қайраткерлігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
  3. Білімі, квалификациясы, арнаулы білімінің бар болуы немесе кәсіби дайындығы (бар болған жағдайда) жайлы құжат;
  4. 16 жасқа толмаған тұлғаның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісімі туралы еркін түрдегі жазбаша арызы ұсынылады.

 

Үшінші тұлғалармен өтініш беру атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның нотариалды түрде куәландырылған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

 

Құжаттар өтініш берушімен ТҮПНҰСҚАЛАР ЖӘНЕ КӨШІРМЕЛЕР ТҮРІНДЕ САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАДЫ.