Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру

«Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңы 14-бабының 4-тармағына сәйкес:

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы өтеусiз негiзде анықтама береді, оның қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.