Кәсіби бағдарлау

Әлеуметтік кәсіптік бағдар–бұл кәсіптік білімді, дағдыларды, жекетұлғаның мүддесін және еңбек нарығының мұқтаждығын есепке ала отырып, кәсіптерін өзгерту және біліктілігін көтеруде, мамандық таңдау да іс-тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған, өзара байланысқан іс-шаралар жиынтығы.

Елде практикалық кәсiптiк бағдарлаудың рөлi айрықша маңызға және маңызды. Бұл қызметтер халықтың сұранысына артып келеді,және бұған бір қатар себептер де бар.

Біріншіден, кәсіптер әлемі әсіресе саралана түсті, университеттер мен жұмыс бағыттарының саны айтарлықтай өсті. Сондықтан, көптеген адамдарға кәсіби таңдау жасау қиынға соғуда, тиісінше көмек көрсетуге деген өзектілігі арта түсті.

Екіншіден, халықтың тарапынан кәсіптік бағдарлауға және психологиялық қызметтерге деген сенімі қалыптасты, және олардың жас және ересек жаста көшу қажеттілігін түсінуі, кәсіби өзін-өзі анықтаудың бұл кезеңнің маңыздылығын түсінуібір тіндеп пайда болды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік кәсіптік бағыты жұмысіз деп жүргендер, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оралмандар және жоғарысынып оқушылары үшін іске асырылады.

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы қаладағы еңбек нарығының жағдайы туралы кәсіби ақпараттандырады, семинарлар, тренингтер және әртүрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады.Өтініш берушілердің жеке сұраныстарын, психологиялық сипаттамаларын ескере отырып, кәсіби кеңес беруді жүргізеді, мамандықты таңдаған кезде кәсіби диагностика бойынша тестілеуді ұйымдастырады.

2018 жылдың басынан 778 адам кәсіби бағдарлау бөлімінде кәсіби диагностикадан өтті.Бұдан басқа, қаланың 60 түрлі ұйымында түсіндірме және кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 18 колледжде, 29 орта мектепте және басқа ұйымдарда 13 кездесу өткізілді.