ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР АУТСОРСИНГІ

ЖЕКЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АГЕНТТІКТЕРІНЕ АҚПАРАТ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ АУТСОРСИНГІН ІСКЕ АСЫРАДЫ

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР АУТСОРСИНГІ

Қызметтер аутсорсингі– бұл халықты жұмыспен қамту орталықтарының жеке агенттіктерге аутсорсинг туралы келісімшарт негізінде жұмыспен қамту саласындағы  қызметтердің жекелеген қызметтерін ұсыну.

2018 жылдан бастап жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша қызметтер аутсорсингі беріледі.

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТТЕР АУТСОРСИНГІНДЕГІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АГЕНТТІГІ

«Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингіне қатысуға үміттенген, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметтер аутсорсингі туралы келісімшарт бойынша міндеттерін орындау үшін тиісті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуы қажет.   

 АУТСОРСИНГКЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ЖЕКЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АГЕНТТІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН, БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ.pdf

 

ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР АУТСОРСИНГІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Аутсорсинг Еңбек биржасы(www.enbek.kz)интернет-порталындағы электронды форматта іске асырылады. Аутсорсинг халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.Қызметтер аутсорсингіне қатысу үшін жеке жұмыспен қамту агенттігі Еңбек биржасында тіркеледі және «жеке кабинет» ашады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы:

  • сәрсенбіде қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру жариялайды;
  • дүйсенбі сайын еңбек биржасында жеке агенттіктерді таңдау үшін жұмыссыздар лоты ашылады;
  • жеке агенттіктердің аутсорсингке қатысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • жеке агенттіктермен қызмет аутсорсингі туралы келісімшартқа отырады;
  • жеке агенттікке жұмысқа орналастырылуы тиіс, жұмыссыздардың тізімін, және аутсорсинг туралы келісімшартқа сәйкес олар туралы ақпаратты ұсынады;
  • аутсорсинг туралы келісімшартқа сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсету мониторингін өткізеді.

Жұмыспен қамту жеке агенттігі «жеке кабинет» арқылы Еңбек биржасында (www.enbek.kz):

  • халықты жұмыспен қамту орталығына қызметтер аутсорсингіне қатысу үшін біліктілік талаптарын растайтын, құжаттар мен ақпараттар ұсынады;
  • жұмыспен қамту орталығымен қызметтер аутсорсингі туралы келісімшартқа отырады;
  • келісімшартқа сәйкес жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы хабарлайды.

Жұмыспен қамтитын жеке агенттіктер аутсорсинг аясында еліміздің бірнеше өңірлерінде және жұмыссыздардың бірнеше лоттарында жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуі мүмкін.

 АУТСОРСИНГ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ЖЕКЕ АГЕНТТІКТІҢ МІНДЕТТЕМЕСІ

Жұмыссыз аутсорсинг туралы келісімшартқа қол қойған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастырылуы қажет. Жұмыссыз тұрақты жұмыс орнына 12 (он екі) ай мерзімінде жұмысқа орналастырылуы керек.

АУТСОРСИНГ АЯСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША  ТӨЛЕМ

Аутсорсингке берілетін, халықты жұмыспен қамту саласында қызметтерге арналған тарифтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  19.06.2018 ж. №257 бұйрығымен бекітілген.

Тарифтің мөлшері жұмыссызды жұмысқа орналастырудың қиындығына және жұмыспен қамту орталығына оның тіркелген орнына (қала немесе аудан) байланысты болады.

Қызметке ақы төлеу кезінде келісімшарт сомасынан 15% көлемінде алғытөлем қарастырылады.

Қызметке ақы төлеу жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және жұмысқа орналастыру орны бойынша оның жұмыспен қамтылуының нақты кезеңі үшін іске асырылады.