Сұрақтарға жауаптар

Тұрғын үй көмегін кім төлейді және қандай қажетті құжаттар қажет?

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация желісіне, жеке тұрғын үй қорында жалға алған жергілікті атқарушы органдарыментелефон үшін абоненттік төлемді көтеру бөлігінде байланыс қызметіне, уақыт бойынша  сараланған есеппен және электр энергиясы шығынын бақылай отырып, 1-ден төмен емес дәлдік классымен электр энергиясының бірфазалы есептегішінің құнына кеткен шығынның орнын толтыру үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларда ұсынылады, егер жоғарыда көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шығыны отбасы бюджетінде жиынтық табыстың 10%үлесінен асатын болса.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

40% бұл пайдалы деп тапты

Бірнеше жыл бұрын мен қысқа мерзім алдым. Қазір пробациялық кезең тағайындалды. Жұмыспен қамту мәселесін әлі де бастан кешіріп жатырмын. Халықты жұмыспен қамту орталығында мен сияқты адамдарға жұмыс табу үшін қандай шаралар қабылданады?

Жұмыс берушiлердi ынталандыру және жұмысқа орналасу мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн бас бостандығынан айыру орындарынан шығарылған азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушінің республикалық бюджет қаражаты есебінен жалақы төлеуге жұмсалған шығындарының ішінара өтелуімен бірге қосымша шара іске асырылады. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, жұмыс берушілер бекітілген квотаға сай квота енгізілген күннен 6 күнтізбелік ай бойына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.  Осыған орай,  Халықты жұмыспен қорғау орталығына барсаңыз, мамандар Сізге лайықты жұмыс тауып береді. 

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыспен қамту орталығы арқылы оқуға бара аламын ба? Егер солай болса, қайда?

Иә, бірақ бұған дейін мамандар кәсіптік бағдар беру туралы кеңес береді. Таңдалған мамандыққа (мамандыққа) байланысты Сіз конкурстық іріктеуден өткен және білім беру қызметіне лицензия алған ұйымдарда біліктілігіңізді көтеруге, қысқа мерзімді (1 айдан 6 айға дейін) кәсіби дайындыққа, қайта даярлаудан өтуге жіберіле аласыз.Кәсіптік оқыту еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар (мамандықтар) бойынша, кейіннен жұмысқа орналасу мақсатында жүзеге асырылады.Кәсіптік оқыту кезеңінде Сізге «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген мөлшерде шәкіртақы төленеді.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

98% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыссыздар уақытша жұмыс орындарына қатысу кезеңінде жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алуға құқығы бар ма?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 23 сәуірдегі ҚР Заңының 23-бабының 7-тармағына сәйкес, жұмыссыз азаматтардың уақытша жұмыстарға қатысу кезеңінде, олардың жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алуға құқығы бар.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

90% бұл пайдалы деп тапты

Адам қанша уақыт жұмыссыз ретінде тіркеле алады

Жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес, жұмыссыз ретінде есепке тұру  мерзімі шектелмейді. Алайда, азаматтар жұмыс іздеуге қызығушылық танытып, жеке жұмыс жоспарында белгіленген барлық шараларды орындауы керек екенін түсіну маңызды. Сонымен бірге, жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы бүкіл кезеңге төленбейді. Төлем мерзімі және жәрдемақы мөлшері жұмыспен қамту қызметіне хабарласқанға дейінгі соңғы екі жыл ішінде қызмет мерзіміне байланысты болады. Жұмыссыз азамат есебінен келесі жағдайларда шығарылады: 

  • халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;
  • жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
  • жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
  • жалған немесе жасанды құжаттарды ұсыну;
  • мекенжайының ауысуы;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша тұрақты, уақытша жұмыстарға орналасу;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу;
  • ұйымдастыру-құқықтық түр мен меншік түріне қарамастан ұйымдағы құрылтайшылық (орта құрылтайшылық);
  • мүгедектік тобын құру немесе өзгерту;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау.

 

 

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

76% бұл пайдалы деп тапты

Тіркелген ЖК бар тұлғаларға жұмысынан айырылған жағдайда төлем жүргізіледі ме?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 23 сәуірдегі ҚР Заңының 1-бабының 21-тармағына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға –бұл өздеріне табыс әкелетін,жұмыспен қамтамасыз ететін, жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби, жеке нотариус, кәсіптік медиатор.Демек, жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланатынына қарамастан, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып табылады. Сондықтан олар жұмыссыз деп таныла алмайды, демек, оларға жұмысынан айрылуына жәрдемақы төленбейді.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

66% бұл пайдалы деп тапты

Мен қысқартуға түстім және жеке бизнеспен айналысқым келеді.Қазіргі жағдайда қандай кеңес бересіздер? Бұл жағдайға жұмыспен қамту орталығы көмектесе ала ма?

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды өзін өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыз азаматтарға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты-халықты нәтижелі жұмыспен қамту мен азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға жәрдемдесу болып табылады. Осы бағыт шеңберінде келесі міндеттер шешілетін болады:  

1) өңірлерде (Алматы қаласынан басқа) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оқытуды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан өтуге болады;

2) кәсіпкерлік бастамасын қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда несиелерді/шағын несиелерді кепілдендіру;

4) жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар беру.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

60% бұл пайдалы деп тапты

Жұмысшы мамандықтары қазіргі кезде еңбек нарығында сұранысқа ие, мен 40 жастамын, мен Халықты жұмыспен қамту орталығында оқи алам ба?

Иә, оқи аласыз, егер халықты жұмыспен қамту туралы заңнамада қарастырылған белгілі бір шарттарды сақтасаңыз. Қандай және қай мамандықтар туралы білуге болатындығы, сондай-ақ сіздің мамандығыңыздың қандай салада бәсекеге қабілетті екендігі туралы ақпарат сізге тұратын жердегі Жұмыспен қамту орталығында беріледі.Сіз стипендия ала отырып, тегін кәсіптік оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді жұмыссыздар мәртебесін алғаннан кейін келесі жағдайларда аласыз: 

  • Сіздің кәсібіңіз (мамандығыңыз) болмаса;
  • Сізге қажетті кәсіптік біліктілігіңіз болмағандықтан қажетті жұмысты таңдап бере алмады;
  • Сізде кәсіптік дағдыларыңыздың талапқа сай болмауынан, жұмысыңыздың жоқтығына, сонымен бірге денсаулығыңызға байланысты бұрынғы кәсібіңіз бойынша жұмысты орындауға қойылатын қабілетіңіз жоғалған жағдайда кәсібіңізді (мамандығыңызды) өзгерту қажет.

Ең танымал мамандықтар: тігіншілер, туризм саласында (туристік агенттер, туризм жөніндегі инспекторлар, экскурсия жетекшілері), коммерциялық агенттер, қызмет көрсету саласында (маникюр, педикюр бойынша шебер,шаштараз, визажист), слесарь-сантехниктер, азпазшылар, ЭВМ операторлары  және т.б..

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

95% бұл пайдалы деп тапты

Мен жұмыс берушімін, бос жұмыс орындарының болуы туралы есеп беруді қандай мерзімде ұсынуым керек?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 28-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе enbek.kz "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

80% бұл пайдалы деп тапты

Мен жұмыссызбын, жұмыспен қамту қызметінде бес ай бойы есепте тұрмын, ал артынша мені есептен шығарды. Осы жағдайды түсіндіріп бересізздер ма?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, шындығында жәрдемақы төлеу кезеңінің барынша ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін болуы мүмкін.Жәрдемақыны төлеу мерзімі, негізінен, жұмыссыздық басталғанға дейінгі 24 айға дейін және жұмыстан босатудың себептеріне байланысты болады. Өкінішке орай, Сізге аталған жәрдемақыны нақты қанша мерзімге тағайындағаны туралы бізде ақпарат жоқ.Сізді төменгі себептермен алып тастаған:

1)Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған үш тиісті жұмыс нұсқаларынан бас тарту немесе Халықты жұмыспен қамту орталығының кешіктірілген ескертуі, ал ауылдық елді мекенде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің келісімі туралы немесе ұсынылған тиісті жұмыстар түрлерінен бас тарту;

2)ұсынылған жұмыс орнында немесе оқу орнында Халықты жұмыспен қамту орталығы хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз негізде болмаған;

3) Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға белсенді жәрдемдесу шараларына қатысуға шақыру туралы үш жұмыс күні ішінде негізсіз себептермен келмеген жағдайда;

4)жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шараларына қатысуды рұқсатсыз тоқтатқан жағдайда;

5)осы Заңда қарастырылған,Халықты жұмыспен қамту орталығына баруға немесе хабарлауға негізсіз себептермен жұмыссыздардың бұзған жағдайында.

Есептен шығару «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған нормалары негізінде жүргізілген.

 

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

44% бұл пайдалы деп тапты

Егер мен еш жерде жұмыс істемейтін болсам, күйеу ғана жұмыс істесе, менің Жұмыспен қамту орталығынан жәрдемақы алуға құқығым бар ма? Немесе басқа жерге бару керекпе?

Жұмыссыздық жәрдемақысы тек жұмыс істемейтіні үшін ғана емес, соңғы 24 айда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік төлемдер болған жағдайдағана төленеді. Сондай-ақ жұмыс іздеуші, жұмыссыз қалған адам жұмысқа шығуға ұмтылады және соны жағдайда өз еркімен және Жұмыспен қамту орталығы арқылы белсенді жұмыс істейді, және жұмысқа кідірместен шығуға дайын болады.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

65% бұл пайдалы деп тапты

Мен үшінші топтағы мүгедекпін, жұмыс істеуге деген үлкен ықыласым бар, бірақ мен сияқтыларды жұмысқа алмайды. Жұмыс табу үшін қайдан көмек сұрауға болады?

ҚР заңнамаларына сәйкес, Сізге жұмысқа орналасуға Халықты жұмыспен қамту орталығы жәрдемдеседі. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін тіркелген орныңыз бойынша Жұмыспен қамту орталығына жеке куәлігіңізді  ұсынуыңыз қажет.

Сондай-ақ, Сізге тұрақты жұмыс іздеген кезде еңбекке жарамдылық көрсеткіштерімен (еңбек жағдайларының толық сипаттамасымен) және мүгедектігі туралы анықтамамен, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы қажет болады.    

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыспен қамту орталығы арқылы өндірістік тәжірибеден өту орнын табуға бола ма? Егер табуға болатын болса, онда қайда бару керек?

Жұмыспен қамту орталығы лайықты жұмыс іздеу үшін азаматтарға жәрдемдеседі. Кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары білім беру ұйымдарының студенттері үшін өндірістік тәжірибе өткізу орнын табу мәселесі Жұмыспен қамту орталығының құзыретіне кірмейді.

Егер Сізге бос жұмыс орындары туралы ақпарат қажет болса, Сіз Жұмыспен қамту орталығына жүгіне аласыз, немесе www.enbek.kz мемлекеттік ақпараттық порталынан көре аласыз.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

50% бұл пайдалы деп тапты

Егер азамат Алматы қаласында уақытша тіркеуде болмаса, ол жұмыссыз ретінде тіркеле ала ма?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жерiндегі Халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын;

      2) еңбек қызметін растайтын (бар болған кезде);

      3) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болған кезде) бар екендігі туралы құжаттардың негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.

Азаматтардың кеңес алуға, жұмыс таңдау мақсатында ақпараттар алуға, оқу мүмкіндіктеріне, сонымен бірге тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелу орны бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу үшін көмек алуға құқықтары бар.  

Халықты жұмыспен қамту орталықтары барлық азаматтарға, оның ішінде жұмыс істейтін және жұмыспен қамтылмаған, соның ішінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

Азаматты жұмыссыз деп тану туралы шешімді «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңына сәйкес жергілікті атқарушы орган азаматтың тұрғылықты жері бойынша (тұрақты немесе уақытша) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қабылдайды.

Уақытша тіркеуден өтпеген адам лайықты жұмыс іздеу мақсатында (жәрдемақы төлемей) Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады және Жұмыспен қамту орталығының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсете алады.

 

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

30% бұл пайдалы деп тапты

www.enbek.kz мемлекеттік еңбек биржасы бойынша айтып беріңізші, менің түсінігім бойынша, бос орындар туралы барлық ақпаратты Сіз ұсынасыз ба? Менің сұрағым былай: мен лайықты бос орынды тауып, бос орынға «үн қатуды» бассам, менің үн қатуым айлап қаралмайтын шығар! Мұны Жұмыспен қамту орталығы қарастырып, олармен байланыса ма, жоқ әлде жұмыс беруші тікелей өзі қарастыра ма?

www.enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында орналастырылған бос лауазымдарға қатысты сіздің өтінішіңіз туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының функцияларына мыналар жатады:

  • осы порталда жұмыс берушілерді тіркеуді тексеру;
  • жұмыс беруші туралы ақпараттың дұрыстығын тексеру.

Бос лауазымға қатысты барлық үн қатуларды жұмыс беруші өзі тексереді, жұмыс беруші сіздің түйіндемеңізді қарап шыққаннан кейін электрондық пошта мекенжайына және порталға хабар жібереді, сізді сұхбаттасуға шақырады ма немесе жоқ па өздері шешеді.

Түйіндемені қарауды жылдамдату үшін жұмыс берушіге немесе Сізді қызықтыратын бос орынның орналасқан жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызға болады.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

80% бұл пайдалы деп тапты

Тіркелмеген жағдайда немесе жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына шақырған кездегі дәлелді себептерді атаңыз?

Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркеуге келмеудің дәлелді себептері:

  1. жарамсыздық парағы;
  2. әскери қызметке шақырылған, әскери алымдар алу кезінде немесе әскери қызметке дайындыққа байланысты, іс-шараларға қатысуға медициналық куәландырудан өту кезеңін растайтын құжаттар;
  3. алқабилер немесе төрелік соттар ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда қатысу кезеңін растаушы құжаттар;
  4. анықтау органына, алдын ала тергеуге, прокуратураға, сотқа немесе салық органына куә, жәбiрленушi, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретінде шақырылуын растайтын құжаттар;
  5. халықты жұмыспен қамту қызметі мемлекеттік мекемесіне азаматтың келуіне кедергі келтіруші, өрт фактілерін, сумен жабдықтау, жылыту мен төтенше, жағдайлар жүйелерінің апатын, жол бермеуге болмайтын жағдайларды (өрт, су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі) растайтын құжаттар;
  6. халықты жұмыспен қамту қызметі мемлекеттік мекемесіне азаматтың келуіне кедергі келтіруші, үшінші тұлғаның заңсыз іс-әрекеттерінің фактілерін растайтын құжаттар; 
  7. жақын туыстарының өлімін растаушы, құжаттар (өлім туралы куәлік пен туысқандықты растайтын құжаттар);
  8. күндізгі және сырттай оқу бөлімінде, білім беру қызметін жүзеге асыратын,ұйымдарда оқытуға байланысты тұрақты тұрғылықты жерінен кетуді растайтын құжаттар;
  9. тиісті жұмыс табу мақсатында тіркелген азаматтың немесе халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемесіне келмеудің дәлелді себептерінің болу фактілерін бекіту туралы жұмыссыз азаматтардың өтініші бойынша соттың шешімі. 




Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Әлеуметтік жұмыс орындары деген не?

Әлеуметтiк жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығы мен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны. Әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті және республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады, мемлекет тарапынан берілетін субсидия мөлшері бекітілген еңбек ақының  35% құрайды, бірақ «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен анықталған, тиісті қаржы жылына арналған, ең төменгі жалақыдан аспайды.  

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

50% бұл пайдалы деп тапты

Лайықты жұмыс орны түсінігін атаңыз?

Лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Қоғамдық жұмыстар дегеніміз не?

Қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

75% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыс іздеушілердің Жұмыспен қамту орталығынан қандай әлеуметтік қорғау шараларын қабылдауға құқығы бар?

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамдардың тіркелуінен он жұмыс күні ішінде және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Он алты жасқа толмаған адамдар жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады ма?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңының 13-бабына сәйкес он алты жасқа толмаған адамдар, өздерінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтініші болған жағдайда жұмыс іздеуші тұлғалар ретінде тіркелуге құқығы бар.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

100% бұл пайдалы деп тапты

Адамды жұмыссыз ретінде тіркеу процесcі қалай жүреді?

2016 жылғы 6 сәуірдегі«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңының 14-бабына сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгертулер мен толықтырулармен):

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Заңның 13-бабының 2-тармағындабелгіленген кезең өткен соң екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Заңның 13-бабының 1-тармағындакөзделген құжаттарды, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау үшін жібереді.

   Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

  1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған мәлiметтер енгiзіле отырып жүзеге асырылады.
  2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркеу күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
  3. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы өтеусiз негiзде анықтама береді, оның қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
  4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстар алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы жеке өзі жүгініп немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етуге тиіс.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

51% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыссыз адам ретінде кімді тіркемейді?

Мыналар:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;

3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

63% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыссыздардың Жұмыспен қамту орталығына келген кезде қандай құқықтары бар?

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңының 15-бабына сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгертулер мен толықтырулармен):

Жұмыссыздар:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан:

     лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жәрдемдесу бойынша;

     консультациялық;

     ақпараттық;

     қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;

2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға;

3) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға;

4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуға құқығы бар.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

68% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыссыздардың қандай міндеттері бар?

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңының 15-бабына сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгертулер мен толықтырулармен):

 Жұмыссыздар:

1) осы Заңның талаптарын сақтауға;

2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;

3) халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге жүгінуге;

4) халықты жұмыспен қамту орталығына:

  • тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
  • тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа шарттар бойынша орналасуды;
  • кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;
  • ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
  • мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға мiндеттi.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

70% бұл пайдалы деп тапты

Жұмыссыздарды қашан және қалай есептен шығарады?

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР-ң Заңының 15-бабына сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгертулер мен толықтырулармен)Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:

1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;

2) дәлелсiз себептермен:

  • халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
  • шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

5) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;

6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

  1. Осы баптың 1-тармағының1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.

Сіз үшін жауап пайдалы болды ма?

66% бұл пайдалы деп тапты

Жауапты таппадыңыз ба? Сұрағыңызды қойыңыз