CALL-ОРТАЛЫҒЫ

қазіргі уақытта орташа жүктеме

Жауапты күту 30-90 сек. Біз Сіздің қоңырауыңызды күтеміз

Мекен жайы
Алматы қ., 050021/A25E0G2, Достық даңғ., 85, қиылысы Абай даңғ.,
Өтініш жазу On-line құрыш
Логин436:
Пароль:
Забыли свой пароль?
Өтініш жазу
* - Поля, обязательные для заполнения.
Текст сообщения: *
Это поле обязательно для заполнения
 
CAPTCHA
Введите символы с картинки
Введён неправильный защитный код.

МӘЗІРІНДЕГІ
Cannot find 'head_main_menu' template with page ''
Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету

 

 
Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету
2020 жыл 2021 жыл
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1 тоқсан
20 828 36 791 52 664 13 702 23 070

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген.

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:

1) тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;

2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады";

3) мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

Жеке куәлік пен деректер "еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің еркін нысандағы жазбаша өтінішін ұсынады.

Параграф 1. Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш берген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

Ізденуші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өтінішті қабылдаған халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіден қабылданатын құжаттар топтамасының дұрыстығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және ізденушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіге халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және жұмыспен қамту орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірі негізінде "еңбек нарығы" ААЖ-да ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "еңбек нарығы" ААЖ-ға Жұмыспен қамтудың жеке картасына ізденушінің дербес деректерін енгізеді.

Жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай санаттарға бөлу үшін жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс іздеушілерді Жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізілген олардың жеке деректері негізінде "еңбек нарығы" ААЖ-ға бөледі.

"Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамту орталығының қызметкері енгізген деректер негізінде ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.

Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығы анықталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді және ізденушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама береді.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарламаны ізденушіге беруді халықты жұмыспен қамту орталығы жеке куәлігін көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.

Жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының қызметкері "электрондық еңбек биржасы"ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабарлайды.

Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтырғаннан және жұмыс іздеушілерді жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай санаттарға бөлгеннен кейін жұмыспен қамту орталығының қызметкері оның жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы "еңбек нарығы" ААЖ-ға белгі қояды.

Ауылдық елді мекенде жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратына ассистентке жүгінеді. Ассистент жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде алдын ала тіркеуді жүргізеді.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Ассистент осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ізденушінің құжаттарының дұрыстығын тексереді.

Ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде ассистент жеке деректерді Жұмыспен қамтудың жеке картасына "еңбек нарығы"ААЖ-ға енгізеді. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент Жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық не қағаз түрінде толтырады.

Ассистент осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізеді.

Ассистент "электрондық еңбек биржасы"ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабарлайды.

Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтағаннан кейін ассистент бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды жұмыспен қамту орталығына жібереді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушінің жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы белгі қояды және ізденушіні ассистент арқылы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркелген күні туралы хабардар етеді.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші қайта жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденуші бұрын ұсынған дербес деректер мен мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістер енгізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметті мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы көрсеткен кезде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

Параграф 2. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі"

Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда тіркеледі.

Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы дербес деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінімді толтырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Ізденушінің деректері автоматты түрде тіркелген жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері осы тараудың 1-параграфына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеуді жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыспен қамту орталығы директорының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

Параграф 3. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

Еңбек делдалдығы үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде ізденушіні тіркеуді жұмыспен қамту орталығының қызметкері жүргізеді, ол Мемлекеттік корпорацияға халықты қабылдауды жүзеге асырады және осы тараудың 1-параграфына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеуді жүргізеді.

3 тарау. Жұмыссыз адамдарды тіркеу тәртібі

Егер жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін ізденуші үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе ізденуші ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға "еңбек нарығы" ААЖ арқылы оның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарын электрондық түрде жібереді.

Жұмыспен қамту орталығының директоры немесе ол уәкілеттік берген адам жұмыс іздеп жүрген адамды (бұдан әрі – жұмыссыз) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын "еңбек нарығы" ААЖ-ға электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітеді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі "еңбек нарығы" ААЖ арқылы алынған ақпараттың анықтығын тексеруді жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде "еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны береді.

Жұмыссыз ретінде тіркелмейді:

1) он алты жасқа толмаған балалар;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетін жұмысы бар);

3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған азаматтар";

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;

5) Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамды хабардар етеді:

1) жұмыссыз ретінде тіркелген күні туралы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жердің тұрғындарын кент, ауыл және ауылдық округтің әкімі арқылы тіркеуден бас тарту туралы;

2) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жұмыспен қамту орталығына бару немесе хабарлау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін сақтайды.

-->
'beono:flashmessage' is not a component
Наверх