2020 жыл | 2021 жыл | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | 1 тоқсан |
1 833 | 699 | 2 775 | 1 458 | 0 |
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама өтеусіз негізде беріледі.
Жұмыссыз жеке деректерін көрсете отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік қызметті алуға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген сәттен бастап бір күнді құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында не негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі және сақталады.