Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.
3-1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім ұсынған өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегiне ақы төлеу мөлшерiн және оларды қаржыландыру көздерiн бекiтедi.