Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен ынтымақтастықта бос жұмыс орындарын іздеуді және жүгінген азаматтар үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтарының дерекқорындағы бос жұмыс орындарына;
2) жұмыс берушілердің өз бетінше "жұмыс" интернет-порталына мәлімдеген жұмыс орындарына (бұдан әрі-портал);
www.enbek.kz);
3) уақытша жұмыс орындарына: жалақысын ішінара субсидиялай отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына, уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарға.
Бос орындарға кандидаттарды кәсіби іріктеуді халықты жұмыспен қамту орталықтары ізденушінің (жұмыссыз адамның) кәсібін (лауазымын), оның біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, қалаған жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып, сондай-ақ жұмыс берушілер белгілеген басқа да талаптарға сәйкес жүзеге асырады.