Ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналасу немесе іс ашу үшін азаматтардың жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі:
1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына;
2) "Халықтың көші-қоны туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың қоныс аударуына жәрдемдеседі.
Мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар беруді қамтиды;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді немесе тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар беруді қамтиды;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқыту;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.