Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме;
4) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.