NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
Құрметті достар!
Біз 18-29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін және қазіргі уақытта қандай да бір жерде оқымайтын жастарды "Қазақстандағы NEET жастарының сын-қатерлерін бағалау және инновациялық шешімдерді пилоттау"атты ғылыми жобаның топтық талқылауларына (фокус-топтарға) қатысуға шақырамыз. NEET жастары – жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар (ағылшын тілінде бұл Notinemployment, education, andtraining). Жобаны Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі АҚШ Ұлттық ғылым, инжиниринг және медицина академияларының гранты бойыншажәне USAID (АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі) өткізеді.
Бұл зерттеудің келесі зерттеу сұрақтары бар:
* Оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қалай бағалайды?
* жастар өздерінің жұмыспен қамтылу немесе оқу мәртебесін өзгерту үшін дағдыларын жетілдіруге дайын ба?
Сізді оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар жайындағы сұрақтарға өзкөзқарасыңызды білдіруіңізді сұраймыз. Топтықталқылаулар басқа жастармен бірге диктофонға жазылады, содан кейін сөздерге аударылады және талданады. Жоба бойынша жұмыста сұхбатқа қатысушылардың есімдерімен талқылаудыңеш қандай дәйек сөздері ешқашан көрсетілмейді. Аудиожазбаны кезкелген уақытта тоқтата аласыз. Дауыстық жазбалар қорғалған қатты дискіде сақталады. Бұл файлдарға рұқсат тек зерттеу тобының мүшелеріне беріледі. Барлық сұхбаттар арнайы кодтармен қайта жазылады; қатысушылардың есімдері мәтінде және жарияланымдарда өзгертіледі.
Сіздің қатысуыңыз біз үшін өте маңызды екенін атап өткіміз келеді. Фокус-топ шамамен 60 минут өтеді. Бұл фокус-топ Сіз тұратын қалада және жеке бөлмеде өтеді, онда сізбен сөйлесуге қатысатын зерттеушілер мен басқа жастардан басқа ешкім сізді көре алмайды.
Егерсіз фокус-топқа қатысуға және жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз пікіріңізді білдіруге келіссеңіз, біз сізден осы хабарламаға жауап беріп, келісетініңізді жазуыңызды сұраймыз. Өз жауабыңызда сұхбаттан өткіңізкелетінтілді көрсетіңіз: қазақ немесе орыс тілдері. Сізден келісім алғаннан кейін, біз Сізбен сұхбатты өткізу уақыты мен орны бойынша қосымша хабарласамыз.
Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз және біздің сұрауымызды қарастырғаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен,
Алима Ибрашева, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің аға ғылыми қызметкері
[email protected] тел.:8 701 745 26 75
Другие новости
ISABEL GARCIA Қазақстанда өндірісті іске қосады
Оқу орталықтары, Білім беру ұйымдары үшін ақпарат