CALL-ОРТАЛЫҒЫ

қазіргі уақытта орташа жүктеме

Жауапты күту 30-90 сек. Біз Сіздің қоңырауыңызды күтеміз

Мекен жайы
Алматы қ., 050021/A25E0G2, Достық даңғ., 85, қиылысы Абай даңғ.,
Өтініш жазу On-line құрыш
Логин436:
Пароль:
Забыли свой пароль?
Өтініш жазу
* - Поля, обязательные для заполнения.
Текст сообщения: *
Это поле обязательно для заполнения
 
loading...
Введён неправильный защитный код.

МӘЗІРІНДЕГІ
Cannot find 'head_main_menu' template with page ''
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру

 

 
"Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру
2020 жыл 2021 жыл
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1 тоқсан
0 0 0 0 224

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 13 сәуірде № 22539 болып тіркелді

Параграф 1. Бастау " жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру тәртібі"

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама алу үшін үміткер (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес "Бастау Бизнес "жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

2) ХЖҚО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі Өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беріледі не құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушының деректері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХЖҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ХЖҚО директорының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" автоматты түрде жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші "еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының нысаналы топқа сәйкестігін, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, одан кейін тексеру жүзеге асырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.

Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

'beono:flashmessage' is not a component
Наверх