Депутаттар Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келді
2020 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Д.Аманжолова мен Алматы қалалық Мәслихатының депутаты А.А.Нәбиев жұмыс сапарымен келді.
Депутаттар Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, депутаттар әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, көші-қон заңнамасына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне, "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына қатысты қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді талқылады.
Кездесуге "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалының, Алматы кәсіподақтар одағының өкілдері, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Р.С.Шимашева, басқарма басшысының орынбасары Д.А.Әлкебайұлы, Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Б.Иманқұлова және жұмыспен қамту орталығының бөлім басшылары қатысты.
Қатысушыларға сұрақтар қойылып, толық қамтылған жауаптар берілді.
Другие новости