Мансап жолында!
Осы жылдың 26 қазанында Алматы технологиялық университетінде АТУ түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі – "Мансап күні" атап өтілді.
Іс-шараның бастымақсаты– бітіруші курс студенттерінің жұмыс берушілерімен және Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесу.Ең лайықты жас маманды таңдап алу мүмкіндіктері жұмысберушіге жұмысқа алмас бұрын оның әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік береді.Студенттер, өз кезегінде, қазіргі уақытта өз мамандықтарының сұранысы туралы, осы жылы жұмыс берушілер бос орындар туралы ақпарат алады.

Жәрмеңкеге келесі компаниялар шақырылды: «AidaKaumenova» сән үйі, «Tengriladesign», «Jenny», «Rise», «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы», «Еркенұр» ЖШС, «Profimoda»,«Firmkazcentre» және басқалар.
Студенттер алдында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының өкіліЕ.С. Жақыпова жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы, жастар тәжірибесі туралы таныстырылыммен, сонымен бірген, жұмысқа өтініш беру кезінде негізгі ережелер туралы, қысқаша түйіндемені қалай дайындаудың қажеттігі, сұхбаттасу туралы толығырақ айтып берді. Жәрмеңкеге университеттің 120 түлегі қатысты.
Другие новости
Сотталғандар «Еңбек» бағдарламасы туралы білді
Мансап жолында!
Болашақ дұрыс кәсіп таңдауға байланысты болады