Алматы қаласы ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Алматы қаласы ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерді уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жолымен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі) жәрдемдесуге шақырады.
Уақытша жұмыс орындарын құруға қатысу үшін өтініш беруге Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына келуге болады: Назарбаев даңғылы, 50,Жібек Жолы көшесінің қиылысы. Уақытша жұмыс орындары бөлімі.
Тел.: 390 88 53, 391 09 27.
ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ
2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланған.
Жастар тәжірибесі жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. 29 жастан асқан жастар оқуын аяқтағаннан кейін 3 жыл бойына жастар тәжірибесіне жіберіледі.
Жұмыс берушілер үшін «жастар тәжірибесі» бағдарламасы келесі мүмкіндіктерді береді:
- жас, талапты, ынталанушы қызметкер;
- компанияда тәжірибеден өту кезінде болашақ қызметкердің әлеуетін бағалау (6 айға дейін);
- қайта даярлаудың орнына жас мамандарды оқыту;
- өз компанияңыздың әлеуметтік жауапкершілігін көрсету.
|
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың еңбекақысын қаражаттандыра отырып,жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығы мен келісімшарт негізінде құрылған жұмыс орны.Құрылған жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында болмауы қажет.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасына қатысу жұмыс берушіге жұмысшылардың жұмысын пайдалануға, ақшаны үнемдеуге және әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге мүмкіндік береді.Әлеуметтік жұмыс орындары ең алдымен халықтың әлсіз топтарынан шыққан адамдарға бағытталған.
|
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын қажет етпейді, қаланың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тиімділігін қамтамасыз етеді және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді.Қоғамдық жұмыстарға, әдетте, біліктілігі төмен, қосымша және қосалқы жұмыстар жатады.
Қоғамдық жұмыстар - қиын өмірлік жағдайға тап болған, Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және материалдық қамтамасыз ету мәселесін уақытша шешу.
Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысуы төмендегіге мүмкіндік береді:
- штатты үлкейтпей қажетті біліктілігі жоқ жұмысты орындау үшін уақытша жұмыскерлерді тарту есебінен білікті мамандарды әсіресе тиімді пайдалану;
- әлеуметтік жауапкершілікті көрсету.
|
Другие новости
Алаяқтардан сақ болыңыз!!!