ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Әукенов Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына жұмысшы сапармен келді
2020 жылғы 14 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Әукенов Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс сапарымен келді.
Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына келген Ерлан Әукенов мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, оған қатысқандар: Алматы қаласы аудан әкімдерінің орынбасарлары, Алматы қ. Әлеуметтік әл-ауқаты басқармасының басшысы Р. С.Шимашева, Басқарма басшысының орынбасары Д.А.Әлкебайұлы, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Б.Иманқұлова, сондай-ақ, Алматы қаласы білім басқармасының, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының, "Алматы "ӘКК" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ, "Magnum Cash&Carry" ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Е. Әукенов атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі – АӘК) жаңа тетіктерін, жаңа форматтағы АӘК тағайындау қағидаларын және аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілді әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етуді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Другие новости