Алматылықтарды кәсіпкерлікке үйретеді және өз ісін ашуға көмектеседі
10 маусымнан бастап Алматыда "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік курсы басталды, оны аяқтағаннан кейін азаматтар 200 АЕК дейінгі мөлшерде бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады.
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы халыққа нақты мүмкіндіктер береді. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту азаматтарға өз бизнесін ашу мен жүргізу үшін ұсыныстар алуға көмектеседі.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту келесі кезеңдерден тұрады:
- тестілеу;
- бизнес-менторлық принципі бойынша топтарда практикалық оқыту және жеке кеңес беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;
- бизнес-жобаны қорғауға (тұсаукесерге) дайындық;
- өтім "тізбегін" құруға жәрдемдесу (алдын ала шарттар жасасу);
- бизнес-жобаны іске асыруда он екі айға дейінгі мерзімге, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін он сегіз ай ішінде қоса жүру.
Оқыту процесінің жалпы ұзақтығы, онлайн-режимде оқуды қоспағанда, жиырма бес күнтізбелік күннен аспайды. Оқыту процесі міндетті түрде жеке консультацияларды, сондай-ақ жобаны қаржыландыру тұрғысынан қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды. "Атамекен " ҰКП халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша оқуға үміткерлер тізімінен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды және/немесе Atameken Academy ААЖ арқылы онлайн-өтінім берген кезде оқытуды ұйымдастырады.
Оқу қорытындысы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) және "Бастау Бизнес" жобасына оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Оқуға жолдаманы Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.
Барлық мәселелер бойынша Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысында.
Тел.:+7 (727) 224 20 00, 221 66 11.
Электронды пошта: [email protected]
Другие новости
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР