"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының көмегімен Алматыда жұмыс табу
Пандемия кезеңінде мегаполисте жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларының бірі "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Осы бағдарламаның арқасында әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен қосымша жұмыс орындары құрылуда.
205 жобаны іске асыру басталды, 15 215 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 7 810 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз азаматтар бетоншылар, арматурашылар, сылақшы, сырлаушылар, дәнекерлеушілер, плиткалар, кафель салушылар, ағаш ұсталары және т.б. мамандықтарға жұмысқа орналастырылды.
Жұмыс істегісі келетіндер үшін жұмыс әрқашан табылады. Бұл үшін қажет әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығы Алматы қаласы, пр. Назарбаевтың 50, к-сінің бұр. Жібек Жолы к-сі, тел.: 224 20 00, 221 66 11, 390 88 30,391 09 27. Ізденушінің тілектеріне сүйене отырып, орталық мамандары жобаларға лайықты бос жұмыс орындарын таңдап, әңгімелесуге жібереді. Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тізімі-жеке куәлік, диплом және еңбек кітапшасы (бар болса).
#Дорожнаякартазанятости2020 #ЦентрзанятостиАлматы
Другие новости
Алаяқтардан сақ болыңыз!!!