Бос орындардың жәрмеңкесі
2019 жылдың 18 сәуірінде сағат 11-де жұмыс іздеушілер, білім ұйымдарының түлектері мен жастарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі мына мекенжайда өтеді:Сейфуллин даңғылы 577. Шевченко көшесінің қиылысы.( Алматы қаласы Алмалы ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімі аумағында). Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі «Шекарасыз-жұмыспен қамту» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған атты тақырыпта өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімі.Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты - жұмыссыз азаматтарды, жұмыс беруші мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру.
Жәрмеңкеге 250-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылатын, 50-ден астам жұмыс берушілер қатысады. Бос орындар жәрмеңкесі компанияларға да, сол сияқты үміткерлерге де тегін өткізіледі.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде халықты жұмыспен қамту мәселелері, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша кеңес береді.
Байланыс мәліметтері: Н.Назарбаев даңғылы, 50 (Жібек Жолы көшесінің қиылысы), тел. 390 88 19.
7 707 189 89 94 МұсаОлжас,
7 777 242 48 52 Қамбарова Гүлнар
Другие новости
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу
Мансап жолында
«Өз жолыңды таңда!»