«Өз жолыңды таңда!»

Осы жылдың сәуір айында Алматы Технологиялық университетінде «Өз жолыңды таңда!» атты түлектер жәрмеңкесі өтті.

АТУ түлектерінің жыл сайынғы жәрмеңкесі - университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді түрлерінің бірі болып табылады.

Жәрмеңкенің басты мақсаты –талап етілген мамандықтар бойынша болашақ мамандарды таңдау мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерімен біргежұмыс берушілердің түлектермен сұхбаттасуы. 

Әсіресе ыңғайлы жас маманды таңдап алу мүмкіндігі жұмыс берушіге жұмысқа тұрмас бұрын өзінің әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік береді.Студенттер, өз кезегінде, жұмыс берушілер биылғы жылы жұмысқа дайын бос орындарын,еңбек нарығында таңдаған мамандығына сұраныс дәрежесі туралы білуге мүмкіндік алды.

Жәрмеңкеге келесі компаниялар шақырылды: «ROYAL FOOD City» ЖШС,  «GALANS-BOTLERS» ЖШС, «DANON» ЖШС, «Алиса-Салим» сән студиясы және басқалар.

Студенттер алдында жұмысқа орналастырудың мемлекеттік бағдарламалары, жастар тәжірибесі туралы айтып берген, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының өкілі К.А.Жекетаев сөз сөйледі.

Жәрмеңкеге университеттің 200 түлектері қатысты.

Другие новости