Жұмыспен қамту орталығының алаңына кәсіби саяхат

Кәсіптік бағдар берудің ең тиімді түрлерінің бірі саяхат - бұл оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етуге бағытталған, ең танымал және сұранысқа ие кәсіптік бағдарлардың бірі.

Мәселен, 2019 жылдың  мамыр айында «Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ-ңкәсіптік бағдар беру бөліміАлматы технологиялық университетінің 1 курс студенттерімен мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша ЖҚО алаңындакәсіптік экскурсия ұйымдастырылды.Кәсіби саяхат оқушылардың кәсіптер әлеміне мүддесін қалыптастыру мен дамыту, ұйымдармен көрнекі танысу құралы ретінде қарастырылады, өйткені саяхат жасау кәсіптер туралы идеяларды кеңейтіп, оқытудың мазмұны жәнесипатымен, мансаптықұрудың мүмкіндіктері мен осында жұмыс істеушілермен  таныстырады.

Бөлім мамандары топтық кеңестер беріп, кәсіптік диагностикалау тестілерінен өткізді. 

Саяхат өзіне өзі қызмет көрсету аймағынан басталды, мұнда жұмыс істеушілер сайттан өз бетімен жұмыс тапқысы келетіндер жұмыс таба алады, түйіндемелерін орналастыра алады. Жұмыспен қамту орталығының кеңес берушілерінің, мамандарының жұмысы туралы айтылды және көрсетілді, әрі қарай студенттер ізденушілерді қолдау бөлімінің жұмысымен, уақытша жұмыс орындары бөлімімен, атап айтқанда, жастар тәжірибесіне бағдарланғанжолдамамен, диплом алғаннан кейін түлек алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін ала алады және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, студенттер каникул күндеріуақытша жұмыстармен айналысады, сонымен бірге басқа да орталықтың бөлімдерімен кездесті.

Саяхат соңында қатысушылармен әңгімелесу өткізіліп, олар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қысқаша мазмұны жазылған жаднамалар таратылды.

Другие новости