Жастарға берілген мүмкіндік
2019 жылы 23 мамырда Жұмыспен қамту орталығы Қазақ жол және қатынас университетімен бірлесіп жастар, колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге 35 ұйым қатысып, 120-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 500-ден астам жұмыс іздеушілер мен түлектер қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша ізденушілердің 110 түйіндемесі мен сауалнамасы қабылданды, сонымен қатар 30 түлек қоғамдық жұмыстарға жіберіледі.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары түлектерді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бағыттарымен таныстырды, жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің түрлі нысандары бойынша консультациялар жүргізді.
Іс-шара барысында түлектер орталық мамандарымен жеке сөйлесуге, еңбек нарығының жағдайы, бос жұмыс орындары, жастар практикасынан өту орындары туралы білуге, сондай-ақ қызығушылық танытқан бос жұмыс орындары бойынша өз түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына бағдарлама және Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының байланыс деректері туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.
Другие новости
Жұмыспен қамту орталығының алаңына кәсіби саяхат
Жастарға берілген мүмкіндік
Түлектерді жұмысқа орналастыру
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу