Мансап жолында
Ағымдағы жылдың мамыр айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде мансап және кәсіби даму орталығының ұйымдастыруымен Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ірі компаниялар мен кәсіпорындар қатысты.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Е. Жақыпова қатысты. Ол түлектерді "Жастар тәжірибесі"бағдарламасы туралы ақпараттандырып, кеңестер берді. Бұл бағдарлама жоғары оқу орындарын бітірушілердің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына есептелген. Бағдарламаға оқуын аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде 29 жастан аспаған жастар қатыса алады. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы ай сайынғы жалақыны төлей отырып, 6 айды құрайды.
Толық ақпарат және жолдама алу үшін келесі мекенжайда орналасқан, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына келуге болады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы к-ң қиылысы, тел.: 391 09 27, 224 20 00.
Другие новости
Жұмыспен қамту орталығының алаңына кәсіби саяхат
Жастарға берілген мүмкіндік
Түлектерді жұмысқа орналастыру
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу