ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гулшара Әбдіқалықова Жұмыспен қамту орталығына келді
2019 жылғы 25 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Г.Әбдіқалықова «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қарқындылығымен, Алматы қаласындағы еңбек нарығының жағдайымен, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту бағдарламалары бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының атқарған жұмыстарымен танысты, сонымен бірге жұртшылықпен кездесті.
Қалалық жұмыспен қамту орталығызаманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Электронды кезек жүйесі орнатылған және өзін-өзі басқару аймағы құрылып, мүмкіндіктері шектеулі жандарға қол жетімділік қамтамасыз етілген.
Жұмыспен қамту орталығында Г.Әбдіқалықова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, негізінен көпбалалы аналар мен мүгедектермен кездесті. 43 жастағы Әсел Асылбекқызы Әлімжанова, 1-ші топтағы мүгедек, қабылдауда көп жыл қолы жетпеген, мүгедектерге арналған арбамен қамтылды. «Мен 1-ші топтағы мүгедекпін, менің арбам үнемі сына беретін, маған өте қиын болды. Бүгін мен жаңа арбаға қолым жетіп, қуанып отырмын» -деп ағынан жарылды Әсел Әлімжанова.
Көпбалалыаналарға «Бақыттыотасы» бағдарламасы аясында қысқамерзімдітегін курстар мен өзісінашуүшінгранттарқарастырылған. Көпбалалы ана Айман Арманқызы Адбанова қабылдау кезінде жеке ісін ашу кезінде мемлекет тарапынан берілетін көмектер туралы сауалдар қойды.
«Мен жаңалықтардан көпбалалы аналарға берілетін гранттар туралы білдім, көптен бері кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған бизнес ашуды армандап жүр едім» - деді көпбалалы ана.Айман Адбанова нақты кеңестер алып, іс ашуға арналған қайтарымсыз грант алу шаралары туралы білді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев та азаматтарды қабылдап, білім және әлеуметтік мекемелер өкілдеріне жалақы мәселелері туралы кеңестер берді, Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысу мен қысқа мерзімді курстардан өткеннен кейін жұмысқа орналасу проблемаларының шешімін түсіндіріп берді.
Другие новости
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу
Мансап жолында
«Өз жолыңды таңда!»