Жетісу ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алматы автомеханикалық колледжінде Жетісу ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге 15 жұмысберуші мен студенттер, колледж түлектері қатысты. Жұмысберушілер 60 бос жұмыс орнын ұсынды. Осы жыл Жастар жылыболып жарияланғандықтан, жұмыспен қамту орталығының мамандары Ф. Я. Сапаров және О. Ж. Муса "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жастартәжірибесі" бағдарламасы бойынша келген студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді және колледж түлектерін оқуды аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына келуге шақырды.
Барлық қатысушыларға Жұмыспен қамту орталығының қызметтері, Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.
Другие новости
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу
Мансап жолында
«Өз жолыңды таңда!»