Наурызбай ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

2019 жылы 29 сәуірде №36 Қалалық емхана аумағында Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен бірлесе отырып Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырылды және өткізілді.

Іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Г. Майлыбаев өзінің құттықтау сөзінде: "Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басымбағыттарының бірі халықты жұмыспен қамту мәселесі болып табылады"деп атап өтті. Аудан әкімінің атынан ол жәрмеңкеге қатысушыларға сәттілік тілеп, қаланың жұмысберушілеріне алғысын білдірді.

Жәрмеңкеге Наурызбай ауданының кәсіпорындары мен басқа да жұмысберушілер, сондай-ақ 150 жұмыссыз тұрғындар шақырылды. Іс-шараға "Марьям" ЖШС, "Ақ БОТА" ЖШС, № 26 ПХВ АІЖК, "Казлегпром" ЖШС, "Бәйтерек" ЖШС және т.б. 40-тан астам жұмысберуші қатысты.  Ұйымдар негізінен білім беру және денсаулық сақтау саласында 170-тен астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Іс-шара барысында Жұмыспен қамту орталығының байланыс мәліметтері көрсетілген "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпараты бар жадынамалар мен кітапшалар таратылды.

Другие новости