арсы іс-қимыл Қоғамдық Кеңесінің мүшелері Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығында болды

Алматы қаласының әкімдігі халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындарын сақтау және құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді

Covid-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы барлық санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық проблемаларын шешу мақсатында олармен жұмысты күшейтті. Бүгінгі таңда мегаполисте екі бағдарлама жүзеге асырылуда - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы және "Жұмыспен қамту 2020-2021 жол картасы".

Жыл басынан бері тұрақты және уақытша жұмыстарға 17 292 адам жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Nur Otan партиясының Түрксіб аудандық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық Кеңесінің мүшелері басқа ұйымдардың өкілдерімен бірге Жұмыспен қамту орталығында болып, мекеме басшылығымен кездесті.

Кездесуге Түрксіб ауданы Nur Otan партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Т. Токмурзиев, №32 қалалық емхананың бас дәрігері А.Э.Қажыбаев, № 83 гимназияның оқытушысы А. А. Калман және "Garcom" компаниясының директоры В. С. Фальман қатысты.

Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов орталықтың жұмысы туралы айтып, қоғам қайраткерлері мен жұмыс берушілерді мемлекеттік бағдарламалардың әрбір бағытымен, оған қатысудың артықшылықтары мен шарттарымен таныстырды.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілерге де, жұмыс берушілерге де нақты мүмкіндіктер ұсынады. Жастардың жұмыспен қамтылуына көп көңіл бөлінеді, олар үшін "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалары бар.  Пандемия кезінде жұмысынан айрылған немесе қысқартуға ұшыраған адамдар үшін еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделген, сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру түрінде кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бар.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Жұмыспен қамту орталығының барлық қызметтері ENBEK.KZ порталда онлайн режимінде қолжетімді.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерге кадрларды іріктеумен және жаңа жұмыс орындарын құрумен көмектесе алады, ал жалақының бір бөлігін мемлекет төлейді, бұл қолдау шарасы қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар тоқырауға байланысты қызметін тоқтатуға мәжбүр болған кезде өте өзекті болды.

Қоғам қайраткерлері мен жұмыс берушілер алынған ақпаратқа және туындаған барлық сұрақтарға жауаптарына риза болды. Кездесу қорытындысы бойынша ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу туралы шешім қабылданды.

 

Другие новости