Жұмыспен қамту орталығында «Бақытты отбасы» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы айтты
2019 жылғы 15 сәуірде «Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ-де көпбалалы отбасылар өкілдерімен кездесу өткізіліп, «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасын іске асыру мәселелері түсіндірілді.
Сөз сөйлегендер:
1)Сыздықов М.О., директоры
2)Оралтаева Л.С., Алматы қаласы бойынша «Даму» КДҚ АҚ бөлімшесінің менеджері
3) Жұмабаева А.К., «Бақытты отбасы» қамқоршылық кеңесінің сарапшысы
4) Қасымбек Г., «Атамекен» РКП бірінші санаттағы сарапшысы
5)Иманқұлова Д.Б., Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы.
Әңгімеле субарысында Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.Иманқұлова «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыстары туралы, жаңа мамандық алу мүмкіндігіне жататын, мүмкіндіктері мен болашағы(еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар), микрокредит алу, бизнес ашу туралы қатысушыларды хабардар етті.
«Бақытты отбасы» қамқоршылық кеңесінің сарапшысы, жеті баланың анасы А.К.Жұмабаева көп балалы отбасылардың өкілдеріне мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға көрсететін қолдау туралы толық айтып берді.
Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша «Даму» КДҚ АҚ мен «Атамекен» РКП өкілдері бизнес ашу үшін гранттар, шағын несиелер алу рәсімдерінің мәселелері бойынша кеңестер берді.
«Атамекен» РКП бірінші санаттағы сарапшысы Г.Қасымбек тегін қызметтер алу мүмкіндіктері туралы, атап айтқанда бизнес-жоспар дайындау, «Бизнес-кеңесші» курстарында оқыту, заңгерлік қолдау, бухгалтерлік есеп және маркетинг бойынша кеңестер алу туралы айтып берді.
Қатысушыларға көпбалалы аналарға берілетін жеңілдіктерді алу, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелер/шағын несиелер алу мәселелері, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздері толығымен түсіндірілді
Кездесуге қатысушылар өзара қызығушылық танытқан мәселелердің кең ауқымын талқылады және ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Другие новости
Алатау ауданының көпбалалы отбасыларымен кездесу
Мансап жолында
«Өз жолыңды таңда!»