МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ШЕКСІЗ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» АТТЫ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Осы жылдың 18 сәуірінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, сонымен бірге көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін «Шексіз бос орындар» атты жәрмеңке өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты және Алматы қаласы Алмалы ауданының әлеуметтік әл-ауқат бөлімі. Жәрмеңке мына мекенжайда өтті: Сейфуллин даңғылы, 577, Шевченко көшесінің қиылысы.

 Алғашқы сөзді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С.Бекежанова  алды. Сонымен бірге, Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Ғ.М.Селубаев «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары, жұмыспен қамтуда жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы айтып берді.   

Жәрмеңке өткізудің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған тұлғалардың еңбек ұжымдарын кәсіптік оңалту және көмектесу.

Бос орындар жәрмеңкесіне мүмкіндігі шектеулі 120 адам қатысты, оларға қала экономикасының әртүрлі салаларынан 50-ден аса жұмыс берушілер 200-ден аса бос орындарды ұсынды. Негізінен маркетологтар, бағдарламашылар, бухгалтерлер мен т.б.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесулер өткізді, жұмысқа қабылдаудың шарттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде кәсіпорындардың өкілдері мен басшылары 25 әңгімелесу өткізді және жұмыссыздардың 30 түйіндемесін қабылдады, 120 адам кеңес алды.  

Жәрмеңкеге келесі ірі кәсіпорындар қатысты: «AIR ASTANA» АҚ, «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласы бөлімшесі, «RG Brands» АҚ, «Қазпошта» АҚ,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және басқалар.

Бұдан басқа, өтініш берген азаматтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы кеңестер алды.

Жұмыс іздеушілерге көмек ретінде халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыстарының бағыттары туралы айтылған, буклеттер мен үнпарақтар таратылды.                               

 

Другие новости