Алматы экономикалық колледжінің студенттеріне жастар тәжірибесі туралы айтылды

Кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы К.Жекетаев Алматы Экономикалық колледжінің 2-3 курс студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Кездесу барысында студенттер еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпарат алды, Жұмыспен қамту орталығының кәсіби бағдар беру жұмысы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, Мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе "Жастар тәжірибесі" бағдарламасының түлектер үшін артықшылықтары туралы айтылды. Жастар іс-тәжірибесі білім беру ұйымдарының түлектері үшін алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында  ұйымдастырылады.Түлектер әр түрлі меншік түріндегі ұйымдарда жастар тәжірибесінен өтеді.

Сондай-ақ, студенттер еңбек нарығында танымал мамандықтар тізіміне енгізілді.Жұмыс іздеу үшін www.enbek.kz электронды еңбек биржасының порталын қолдануға шақырды, онда сіз тек қана Алматы мен Қазақстандағы бос орындар туралы ғана біле алмайсыз, түйіндемеңізді орналастырасыз, сонымен қатар, аймақ бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық ақпарат аласыз.

Іс-шара соңында К.Жекетаев колледж түлектеріне оқуларын бітіргеннен кейін табысты жұмыс табуларына тілектес екенін айтты, ал егер оларға жұмыспен қамту орталығының қызметтері қажет болса, онда жұмыспен қамту орталығы әрқайсысын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті, сондай-ақ жеке бизнес ашуға, біліктілігін көтеруге немесе қосымша білім алуға жәрдемдеседі, жастар тәжірибесі мен «Еңбек» Мемлекеттік Бағдарламасының басқа да бағыттары туралы ақпараттарды Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығынан, келесі мекенжайдан ала аласыздар: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы, тел.: 391 09 27, 224 20 00.

Другие новости