Түрксіб ауданының азаматтарымен ақпаратты-түсіндіру жұмыстары

Осы жылдың  ақпан айында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары Ф.Сапаров және Р.Тәңірберген Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасында өткен жұмыс бабындағы кездесуге қатысты.

Кездесу барысында келесі сала бойынша өзара әрі қарым-қатынас пен ынтымақтастық мәселелері талқыланды:

  • қызмет алушыларды, тіркеусіз құжаттары жоқ және мигранттарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі;
  • мигранттарды қысқа мерзімді білім беру курстарында оқыту, оларды мамандықты игеруге қажетті құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін және басқа да мәселелері талқыланды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түрксіб ауданының азаматтарымен  ақпаратты-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 85 адам қатысты.

Азаматтарға жұмыс іздеу, уақытша жұмыс орындары, кысқа мерзімді курстарда оқу  және т.б. нақты кеңестер берілді. Жұмыс іздеушілер кез-келген уақытта www.enbek.kz. электронды еңбек биржасы порталынан жаңа және өзекті бос орындарды көре алады.

Азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар, байланыстары берілді.

Другие новости