«ЖАН» БАСПА ҮЙІ» ЖШС-ң БАС РЕДАКТОРЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ

Осы жылғы 12 ақпанда Жұмыспен қамту орталығында «Жан» баспа үйі» ЖШС-ң бас редакторы Д.В.Беркуненкомен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты әлеуметтік-еңбек саласында тәжірибе алмасу және өзара ыстымақтастық.

Кездесу барысында Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.Б.Иманқұлова «Еңбек» бағдарламасы туралы қысқаша айтып берді, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қағидаларымен, «еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпаратты жұмыс берушілерге ұсынудың қажеттігі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде Дмитрий Беркуненко еңбек кеңістігіндегі дағдылармен, білімі мен тәжірибесімен, ал атап айтқанда сайтты жүргізу тәжірибесімен, жауапсыз жұмыс берушілерді анықтау,бос орындарды жинаутәжірибесімен, жұмыс берушілермен ынтымақтастық тәжірибесімен алмасты.

 Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жоспарлық іс-шаралар туралы келесі шешім қабылданды:

- осы жылдың сәуір айында «Жан» баспа үйі» ЖШС-пен бірге жұмыс берушілер мен жұмыс ізденушілер үшін бос орындардың виртуалды жәрмеңкесін өткізу;

- мамыр – маусым ауларында денсаулық сақтау саласында (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар) жауаптылар – тұрақты жұмыс орындары бөлімі) бос орындардың салалық жәрмеңкесін өткізу;

- тамыз айында білім беру саласында (жауаптылар – тұрақты жұмыс орындары бөлімі) бос орындардың салалық жәрмеңкесін өткізу;

- Алматыда «Магнум» дүкендер желісінің басшылығымен олардың аумақтарында бос орындар жәрмеңкесін өткізу мәселелері туралы сөйлесу (Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.Б.Иманқұлова);

- шағын бос орындар жәрмеңкесін өткізудің орны мен уақытын анықтау (жауаптылар - тұрақты жұмыс орындары бөлімі);

- жұмыс берушілермен үздіксіз кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу (жауаптылар - тұрақты жұмыс орындары бөлімі);

- БАҚ (газеттер, сайттар, әлеуметтік желілер) арқылыазаматтарға, жұмыс берушілерге, жұмыс ізденушілерге бос орындар жәрмеңкесін өткізу датасы туралы мәлімдемені жеткізу,жауаптылар – Жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі бөлімі.

 

Другие новости