Жасұрпаққа көмектесу

Осы жылдың  наурызын айында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында қаланың 31 жоғары оқу орындарымен кездесу өткізілді, онда Алматы қаласы Әлеуметті кәл-ауқат басқармасы бастығының орынбасары С.Т. Сайфеденов пен Жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков қатысты.

Жастар жылының аясында жастарға мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін тараптар арасында жоғары оқу орындарының қала кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу жағдайы талқыланды. Бірінші кезекте жастарға, оларды жұмысқа орналастыруға байланысты бірқатар мәселелер көтерілді.
Басқарма бастығының орынбасары С.Т.Сайфеденов жоғары оқу орындарын, олардың серіктестерін жұмыспен қамту бойынша белсенді іс-шараларға, атап айтқанда жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмылдыру жолымен Бағдарламаны іске асыруда ынтымақтасуға шақырды. Осы жылы жастар тәжірибесіне шамамен 2000 адамды жіберу жоспарланып отыр. Жоғары оқу орнының өкілдерінен ақпараттық жұмыстар жүргізіп, студенттерді жастар тәжірибесіне қатыстыруға тартуды сұрады.Кездесу барысында және ол аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сауалдар қойып, нақты жауаптар мен кеңестер алуға мүмкіндіктері болды. 

Другие новости